Онлайн ресурстар

Бұл курс Сізге адам құқықтарын қорғау үшін қажетті білім мен дағдыларды береді. Курс ұзақтығы: 1 сағат 30 минут. Сертификат алу мүмкіндігі бар.
Курсты бастауСабақ жоспарлары
Шамамен 20 жыл бұрын Польшадағы белсенділердің шағын тобы 24 сағаттық хат жазу марафонын өткізді. Кейінгі жылдары бұл идеяны басқа елдер де қабылдады. Бүгінгі таңда «Хат марафоны» әлемдегі ең ірі жыл сайынғы адам құқықтары науқаны болып табылады. Төменде қазақ тіліндегі сабақ жоспарларының мұрағаты берілген.
НИКИТА ЗОЛОТАРЕВ: ӘДІЛ СОТ ҚҰҚЫҒЫ
Бұл сабақта қатысушылар әділ сот құқығы туралы осы құқықтың қай жерде бұзылғанын көрсететін нақты мысалдар арқылы біледі.
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
- Әділ сот
- Азаптау
- Ювеналдық юстиция
ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
- Қатысушылар әділ сот құқығы ұғымын түсінеді және оны өмірлік тәжірибелерімен байланыстырады.
- Қатысушылар әділ сот құқығы бұзылуының салдарын сипаттай алады.
- Қатысушылар балаларға арналған сот төрелігі саласындағы ерекше нормалар туралы біледі.
- Қатысушылар әділ сот құқығы бұзылған адамдарға деген жанашырлықты дамытады.

