Қазақстан: Шыңжаңға байланысты бейбіт наразылық акциясы үшін 19 белсендіге үкім шығару – әділсотты мазақ ету
Қытайдың Шыңжаң аймағындағы адам құқықтары бұзылуына қарсы бейбіт наразылық акциясына қатысқаны үшін Қазақстандағы 19 белсендінің сотталуы мен жазасытуралы пікір білдіре отырып, Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Стразерс былай деді:“Қазақстан билігі 19 белсендіні дереу босатуы керек, себебі олар адам құқықтарын бейбіт түрде жүзеге асырғаны үшін ғана қамауда отыр. Билік олардың жазалары күшін жою керек. Бейбіт наразылық үшін “алауыздықты қоздыру” деген түсініксіз сылтаумен қылмыстық жауапкершілікке тарту – бұл әділсотты мазақ ету және адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қорлау.”

