Қытайдың Шыңжаң аймағындағы адам құқықтары бұзылуына қарсы бейбіт наразылық акциясына қатысқаны үшін Қазақстандағы 19 белсендінің сотталуы мен жазасытуралы пікір білдіре отырып, Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Стразерс былай деді:
“Қазақстан билігі 19 белсендіні дереу босатуы керек, себебі олар адам құқықтарын бейбіт түрде жүзеге асырғаны үшін ғана қамауда отыр. Билік олардың жазалары күшін жою керек. Бейбіт наразылық үшін “алауыздықты қоздыру” деген түсініксіз сылтаумен қылмыстық жауапкершілікке тарту – бұл әділсотты мазақ ету және адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қорлау.”
Бейбіт наразылық үшін “алауыздықты қоздыру” деген түсініксіз сылтаумен қылмыстық жауапкершілікке тарту – бұл әділсотты мазақ ету және адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қорлау
Мари Стразерс, Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры
“Amnesty International ұйымы сотталғандар мен жазасын өтеушілер бірнешеуінің денсаулығы нашар екендігі туралы ақпарат алды. Біз билік органдарын оларға қамау кезінде тиісті медициналық көмекке дереу қол жеткізуін қамтамасыз етуге шақырамыз.”
“Билік елдегі әрбір адамның адам құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығын, бірлесу және бейбіт жиналубостандықтарын қамтамасыз ету және қолдауы керек.”
Мәлімет
2026 жылғы 13 сәуірде Талдықорғандағы сот 2025 жылдың қарашасында Алматы облысында өткен бейбіт наразылық акциясы үшін “Атажұрт” қозғалысына байланысты 19 белсендіні кінәлі деп тапты. Он бір белсендіге “ұлтаралық немесе әлеуметтік алауыздықты қоздырды” деген айыппен (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның ішінде екі айыпталған әйел кішкентай балалары болғандықтан шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Тағы сегіз адамға бас бостандығынан айыруға байланысты емес “бостандықты шектеу” жазасы тағайындалды. Барлық айыпталушыларға үш жыл бойы қоғамдық немесе саяси қызметпен айналысуға қосымша тыйым салынды.
Наразылық шарасы кезінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан (ШҰАА) келген этникалық қазақтар Қытай билігінің Шыңжаңдағы адам құқықтарын бұзуын сынға алып, 2025 жылдың шілдесінен бері Қытайда қамауда отырған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды босатуға шақырды. Наразылық білдірушілер Қытай туы мен Қытай президенті Си Цзиньпиннің суретін өртеді. Қытай консулдығы дипломатиялық нотасынан кейін Қазақстан билігі бастапқыда әкімшілік болған айыпты қылмыстық жауапкершілікке өзгертті.


