Filters applied

1 нәтиже

Сұрыптау түрі
  • Қытай: Шыңжаңдағы мұсылмандарды аса қудалау адамзатқа қарсы қылмыстармен тең

    Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймақтағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман саны аз ұлттық топтар адамзатқа қарсы қылмыстарға жататын мемлекет ұйымдастырған жүйелі түрде жаппай қамалу, азаптау мен қудалауға ұшырады деп бүгін мәлімдеді Amnesty International өзінің жаңа баяндамасы мен науқанында.«Біз соғыс кезіндегі жау сияқты болдық»: Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарды жаппай тұтқындау, азаптау және қудалау» атты 160-беттік баяндамасында Amnesty International-дың дағдарыстарға жауап беру тобы бұрынғы тұтқындардың Қытай биліктері 2017 жылдан бастап аймақтағы мұсылман ұлттық топтарының діни, мәдени дәстүрлерін және жергілікті тілдерін түп-тамырымен жою үшін қолданған төтенше шаралары туралы ондаған жаңа айғақтар жариялады. «Терроризмге» қарсы күресті  жамылған бұл қылмыстар ұлты ұйғырларға, қазақтарға, хуи, қырғыздарға, өзбектерге және тәжіктерге қарсы бағытталған.Қытай билігі бүкіл әлемдегі ең күрделі қадағалау жүйелерін және бүкіл Шыңжаң бойында жүздеген «білім беру арқылы өзгерту» қапас орталықтарын, ііс жүзінде тұтқындау лагерлерін құрды. Лагерлерде азаптау және басқа қатыгез әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылады және күнделікті өмірдің барлық салалары зайырлы, біртектес қытай ұлтын және Коммунистік партияның идеалдарын күштеп енгізу мақсатында реттеледі.«Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында таңқаларлық ауқымда жан түршігерлік тозақ орнатты», — деді Amnesty International бас хатшысы Агнес Калламар.“Ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылман саны аз топтар адамгершілікке қарсы және олардың діни, мәдени  ерекшелігін жою қаупін төндіретін басқа да елеулі адам құқықтары бұзушылықтарына тап болады.”«Бұл адамзаттың ар-ұжданын дүр сілкіндіруі керек, өйткені көптеген адамдар тұтқындау лагерлерде сананы жуу, азаптау және басқа да қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшырады, ал миллиондаған адамдар зор бақылау жүйесінің ортасында қорқынышта өмір сүреді».