Қатысушылар Аустралиядағы Торрес бұғазы аралдарының екі қоғам жетекшілері — Пабай аға мен Пол ағаның шынайы ісімен танысады. Олар
климат өзгеруінің өмір сүру, қауымдастық пен мәдениетке тигізетін әсерімен және Аустралия үкіметінің парник газдары шығарындыларын азайтудағы сәтсіздігімен күресуде. Сабақтың бір бөлігі ретінде қатысушыларға Аустралия үкіметін адам құқықтарына сәйкес климатқа қатысты шаралар қабылдауға және Пабай аға мен Пол ағамен ынтымақтасуға шақыратын хат жазу ұсынылады.

