Document - Kazakhstan: Progress and nature of official investigations called into question 100 days after violent clashes between police and protesters in Zhanaozen

KAZAKHSTAN: 100 DAYS AFTER VIOLENT CLASHES BETWEEN POLICE AND PROTESTERS – PROGRESS AND NATURE OF OFFICIAL INVESTIGATIONS CALLED INTO QUESTION

AMNESTY INTERNATIONAL

21.03.2012

AI Index: EUR 57/001/2012

Қ АЗА Қ СТАН: Жаңаөзендегі полиция мен наразылық білдірушілер арасындағы қанды қақтығыстан 100 күн өткеннен кейін гі ресми тергеудің ДАМУЫ мен МӘНІ сауал туғызуда

24 наурызда оңтүстік батыста орналасқан мұнайлы қала Жаңаөзенде наразылық білдірушілер мен полиция арасында болған Қазақстан тарихындағы ең қатыгез қақтығысқа 100 күн толады. Бұл қақтығыс кем дегенде 15 адамның өліміне және ондаған адамның жаралануына әкеліп соқты.

Amnesty International наразылықты тоқтатуға асыра күш пайдалануына және тәртіп сақтау қызметкерлерінің оқ ату қаруын қолданған фактілер бойынша тергеу жеткіліксіз болуына алаңдаушылығын білдіреді. Зорлық-зомбылықтан кейін қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталғандарды қинау және қатыгездікпен қарау тәжірибесі кең тарағаны туралы көптеген ақпарат түсті, ал осы шағымдар әлі күнге дейін нақты да бейтарапты қаралмайды. Сонымен бірге, біздің ұйым жұмысшы белсенділер мен саяси оппозиция өкілдерінің Жаңаөзен оқиғаларына байланысты тұтқындалуына алаңдап, олардың әділсотқа қол жеткізетіндеріне күдік білдіреді.

Amnesty International 2011 ж. 16 мен 17 желтоқсанда болған наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қанды қақтығыстан кейін өткізілген ресми тергеу барысында дұрыс қаралмаған және шешілмеген бірқатар мәселелер бойынша алаңдаушылығын білдіру үшін қазақстандық биліктерге хат жазды. Бұл мәселелер 2011 ж. 16 мен 17 желтоқсандағы наразылыққа шыққандарды қуу үшін қару қолданылуын, қауіпсіздік қызметкерлері асыра күш қолданудың нәтижесінде болған өлім мен жарақаттану оқиғаларын, жүздеген тұтқындаулар (айтылып жүргендей, олардың көбісі қақтығыстан кейін тез арада және бассыздықпен жасалғанын) жайлы билік қозғаған тергеудің қырларына және қауіпсіздік күштері тарапынан кең тараған тұтқындалғандарды қинау мен қатыгездікпен қарау туралы мәліметтерге қатысты. Amnesty International биліктердің Жаңаөзен қ. жасалған бұзушылықтардың бәрін, оның ішінде қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан адам құқықтарын бұзушылықтардың бәрін әділ де ашық тергеу бойынша көптеген жариялы міндеттемелерін қолдағанымен, осының бәрі іс жүзінде нақты, бейтарапты және тәуелсіз тергеудің халықаралық үлгілеріне сәйкес келмей, барлық зардап шеккендерге әділдікті қамтамасыз ете алмайды деген күдік туады. Қазақстан биліктерінің соңғы екі онжылдық ішінде адам құқықтарын қорғау және жүзеге асыруы бойынша халықаралық міндеттемелерін толық орындайтыны туралы көптеген мәлімдемелеріне қарамастан, қауіпсіздік күштері тарапынан адам құқықтарын бұзу оқиғаларын тергеу және бұзушыларды жауапқа тарту жағдайы мәз емес. Осының алдында, 2011 ж. шілде айында Amnesty International қазақстандық биліктерге 2011 ж. мамыр айынан бастап, Маңғыстау облысында полиция пайдаланатын әдістер мұнайшылардың әрекеттеріне сәйкес келмейтіні және ұлттық заңдар мен халықаралық міндеттемелерді бұзып, аймақтағы жағдайды нашарлатқаны туралы жазды. Ұйым қазақстан биліктерінің қауіпсіздік күштері тарапынан жасалған бұзушылықтарды тез, нақты да бейтарапты тексере алмайтынына және бұл жұмысшылардың, олардың отбасылары мен жақтастарының наразылығын ұлғаюына әкеліп соғады деп алаңдаушылық білдірді.

Осыған қоса, Amnesty International Жаңаөзен оқиғаларына байланысты әлеуметтік араздық туғызу, жаппай тәртіпсіздік пен әлеуметтік тұрақсыздық ұйымдастырды деген айыппен оппозициялық саяси белсенділер мен Маңғыстау аймағындағы ереуілге шыққан мұнайшылар өкілдері тұтқындалуына алаңдаушылық білдіреді. Мәлімдегендей, олар ереуілге шыққан мұнайшыларды 2011 ж. 16 желтоқсанға дейінгі айларда қолдағап, олардың мүдделері мен мұқтаждарын ел ішінде және шет елде жариялағаны үшін қудаланды. Тұтқындалғанға қарсы мемлекеттік шенеуніктер жасаған мәлімдемелердің санын, оларға қозғалған қылмыстық істердегі іс жүргізу бұзушылықтарды және Қазақстанның әділсот кепілдерін сақтау мен қадірлеуден жүйелі түрде бас тартудың ұзақ тарихын ескергенде, ұйым Жаңаөзенге қатысты қылмыстық істер бойынша айыпталғандарға әділсот қамтамасыз етілетініне сенбейді. Қауіпсіздік қызметкерлерінің Жаңаөзен қаласында демонстранттармен қатты қақтығыс кезінде өлтіру қаруын қолдану

2011 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ресми тойлауына соңғы дайындық жүріп жатқанда кейбір жас еркектер мен 2011 ж. мамырдан бастап ереуілге шыққан мұнайшылар қаланың орталық алаңында ілінген мерекелік плакаттарды жұлып түсіріп, мәлім етілгендей, полиция мен жергілікті билік өкілдеріне шабуыл жасады. Олардың кейбіреулері тас пен таяқпен ұрған. Куәлардың айтуынша, кейбір полиция қызметкерлері алдын ала ескерту ретінде аспанға атқандарын айтады, бірақ, басқалары алаңда тұрған топқа тура атқан. Олардың ішінде мерекеге келген әйелдер мен балалар болған. Әуесқой бейнежазба көрсеткендей, қауіпсіздік күштері қашып келе жатқан демонстранттарды көздеп атып, жараланып, құлап жатқандарды ұрып-соққан. Ресми мәліметтер бойынша кем дегенде 14 адам қаза болып, ондаған адамдар елеулі жараланған, олардың ішінде 64 адамның оқ жарақаттары бар.  Бір наразы 17 желтоқсанда Шетпе ауылындағы басқа қақтығыс барысында өлтірілді. Онда қауіпсіздік күштері қызметкерлері темір жолды торлаған демонстранттарды таратқан. Басқа көздердің бағалауынша, өлгендердің саны ресми саннан кем дегенде үш есе артық. Шенеуниктер мәлімдегендей, 42 ғимаратты, оның ішінде әкімшілікті, көптеген көлік құралдары, оның ішінде полиция көліктері мен автобустарды қиратып, өртеген.

Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстарға қарсы орталық биліктің жауабы тез де куәлардың айтуынша, қатыгез болды. Төтенше жағдай уақытша байланыс жүйелерін жауып, қаланы қалған елден мен дүние жүзінен кесіп тастады; арнайы күштерді әкеліп, осы зорлық-зомбылықты тексеру үшін арнайы комиссия жіберілді, жүздеген наразылық білдірушілер немесе сезіктілер ұсталды, олардың көбісі негізсіз ұсталып, полицияда тұтқында нашар жағдайда болған. Кейінгі күндерде абақтыда ұсталғандарды қанды қақтығысты ұйымдастырған не қатысқанын мойнын алдыру үшін қинау мен қатыгездікпен қарау туралы мәлімдемелер түсе бастады. Бұл мәліметтерді билік теріске шығарды. Тәуелсіз бақылаушылар осыны тексеру қиын деп тапты, өйткені, Жаңаөзен мен тұтқындау ұстау орындары қатаң бақылауда болды. Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының басқа аймақтарындағы және шетелдік көптеген журналистер мен адам құқықтарын қорғаушылар қалаға жете алмай қалды. Жаңаөзендіктердің жүру еркіндігі шектелген, қауіпсіздік күштері журналстерге қала ішінен репортаждар жіберуге белсенді кедергі жасағандары туралы мәліметтер түскен.

Amnesty International өкіметтің қоғамдық тәртіпті және барлық азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау құқығы мен міндетін мойындайды, бірақ, бұл жағдайда қазақстандық биліктер халықаралық деңгейде бекітілген адам құқықтары үлгілерін ұстанып, қауіпсіздік күштері Біріккен Ұлттар Ұйымының «Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша күштердің лауазымды тұлғалары күш пен оқ қаруын қолдану негізгі ұстамдарын» сақтау керек екенін еске салады. «Негізгі ұстамдарда» белгіленгендей, қоғамдық тәртіп сақтау күштері өлтіру қаруын тек шектен шыққан жағдайда ғана қолданып, ұстамды болуы тиіс. Олар күш және өлтіру қаруын қолданбас бұрын қолда бар барлық күш қолданудан тыс шараларды пайдалану тиіс. Осыған байланысты Amnesty International Жаңаөзен қаласындағы қауіпсіздік күштерін өлтірмейтін күресу құралдарына тәртіпсіздік барысында қол жеткізе алмағаны туралы мәліметтерге алаңдайды. Қауіпсіздік күштері айлар бойы мұнайшылар мен олардың отбасылары, жақтастары тарапынан наразылыққа тап болып, арнайы дайындықтан өтпегені немесе жаппай тәртіпсіздікпен күресу үшін күш қолданбай және сәйкес шара қолдану туралы жазбаша нұсқау жоқ болғаны туралы ақпарат та алаңдатады. Қалаға 2011 ж. 22 желтоқсанда келген Президент Нурсултан Назарбаев зорлық-зомбылық үшін мемлекеттік және жеке меншікті тонау үшін ереуілге шыққан жұмысшылардың наразылығын пайдаланған «жас бұзақыларды» айыптады. Ол қауіпсіздік күштері заң шеңберінде ғана әрекет жасады деп айтты. Дегенмен, бірнеше күннен кейін жеке тұлғалар оқиға туралы жаңа бейнежазбаны әлеуметтік бұқаралық ақапрат құралдарында жариялағанда, Бас прокурор кейбір полиция қызметкерлері оқ қаруын асыра қолданғанын ашық мойындап, өзінің ведомствосы қауіпсіздік кұштері қызметкерлері өлтіру қаруын қолданғаны үшін қылмыстық іс қозғағаны туралы мәлімдеді. Маңғыстау облысы полициясының төрт аға офицерлері 2012 ж. қаңтардың аяғында оқ қаруын қолдануға байланысты лауазымдық жағдайын кері пайдаланғандары үшін айып тағылды. Олардың кейбіреулері Бас прокуратураның айтуынша, бейнежазба бойынша анықталған. Amnesty International көптеген халықаралық және ұлттық адам құқықтары ұйымдарының биліктер өлімге әкеліп соққан қару қолдану және ресми түрде тіркелген 14 өлім фактілері бойынша тергеуді осы төрт полициялықтардың тұтқындалуымен шектейді деген алаңдаушылығын бөліседі. Бірақ, өлім және оқтан елеулі жарақат алғандардың саны көптеген полиция қызметкерлері қаруды демонстранттарға ату үшін қолданғанын көрсетеді. Ұйым халықаралық және ұлттық тұлғалар атынан биліктерді қауіпсіздік күштері 2011 ж. 16 және 17 желтоқсанда өлімге әкеліп соққан және сәйкес келмейтін күш қолдануды тергеуін жалғастырып, оның халықаралық үлгілерге сәйкес және мән-жайын анықтау үшін ең нақты, бейтарапты, ашық және сенімді жолмен өткізіліп, әр өлім мен жарақат алу оқиғасы үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуге шақырғандарына қосылады. Тергеу сонымен бірге өлгендер мен жарақаттанғандардың шынайы санын анықтау үшін ресми тіркелмеген өлім мен жарақаттану оқиғаларын тексеру тиіс.

Кейінгі жаппай ұстау толқынындағы қинау мен қатыгездікпен қарау туралы мәлімдемелер

Бас прокуратура 2011 ж. желтоқсанында зорлық-зомбылықты ұйымдастыру айыбы бойынша 16 адам ұсталып, ал, 130 адам жаппай тәртіпсіздікке қатысқандары үшін тұтқындалғанын жариялады. Бірақ, көптеген куәлардың айтуынша, ұсталғандардың саны әлдеқайда көп. Кейбір мәліметтер бойынша, Жаңаөзен қ. Орталық полиция учаскесінде қақтығысқа байланысты ұсталғандардың тізімінде 700 жуық адамдардың аттары бар. Олардың көбісі бірнеше күннен кейін босатылды. Көптеген босатылғандар және кейбір ұсталғандардың туыстары ондаған адамдар, оның ішінде жас әйелдер, тыс дүниемен еш байланыссыз полиция учаскелеріндегі толып тұрған камераларда ұсталғандарын айтты. Олардың айтуынша, ұсталғандарды тыр-жалаңаш шешіндіріп, ұрып соққан, тепкен, суық су шашқан. Жаңаөзенде болған кейбір журналистер полиция учаскелерінде жақын тұрған жауап алу бөлмелерінде айқай естігенін айтты. Бірақ, тәуелсіз бақылаушылар қол жеткізе алмау себепті осы айыпты растау қиын деп тапты. Билік қоғамдық бақылаушыларға ресми тергеу комиссияға оқиғалардан бір апта кейін қосылуға рұқсат бергенде де барып шығу алдын ала жоспарланып, Жаңаөзендегі тұтқында ұстау орындарына қол жеткізу биліктің қатаң бақылауында болып, ұсталғандармен жеке сөйлесуге рұқсат етілмеді. Мәлімдегендей, кем дегенде бір адам полицияда қинау нәтижесінде өлген. Amnesty International бұрыннан бері Қазақстан Республикасында қинау мен басқа да қатыгездікпен қарау түрлерін қолдану туралы шағымдарды дереу, нақты, бейтарапты және тәуелсіз тергеудің жоқтығына алаңдаушылық білдірген. Қинау мәселелері бойынша БҰҰ Арнайы баяндаушысы, Қинауға қарсы БҰҰ Комитеті мен БҰҰ Адам құқықтары бойынша Комитеті көп рет қазақстандық биліктерді адам құықтары бойынша өз міндеттемелерін орындап, қинау мен басқа да қатыгездікпен қарау түрлерін қолдану туралы шағымдарды дереу, нақты, бейтарапты және тәуелсіз тергеуді қамтамасыз етуге шақырған. Енді, 2011 ж. 16 және 17 желтоқсандағы қақтығыстан үш ай кейін еш бір адам полиция учаскелерінде қинағаны үшін айыпталған жоқ. Amnesty International Жаңаөзендегі зорлық-зомбылықтан кейін пайда болған полиция тарапынан қинау қолдану туралы көптеген мәліметтерге байланысты қазақстандық биліктер шынайы тәуелсіз және бейтарапты тергеу бұзушылықсыз және ашық түрде өткенін қамтамасыз етуі өте маңызды деп санайды.

Әділсот мәселелері

2012 ж. наурыздың басында Маңғыстау облысы әкімі 2011 ж. желтоқсанда ұсталған кем дегенде 37 адам қақтығысқа қатысқандары үшін сот алдына барады, олардың жетеуіне зорлық-зомбылықты ұйымдастырған деген айып тағылғанын жариялады. Сот процесі 2012 ж. 27 наурызда басталуы тиіс.

Осыған қоса, биліктер Жаңаөзен оқиғаларына байланысты 2012 ж. қаңтарда Алматыда үш саяси оппозиция белсенділерін «әлеуметтік араздық туғызу» және «аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру» деген айыппен ұстады.

Amnesty International Жаңаөзенге байланысты айыпталғандар туралы жасалған алдын ала мәлімдемелер мен көптеген іс жүргізу бұзушылықтары, оның ішінде құқықтық көмекке қол жеткізуді шектеу, туыстарын жібермеу сот процесі әділсоттың халықаралық үлгілеріне сай өтуіне кедергі болады деп алаңдайды. ҰҚК ұстаған белсенділердің адвокаттары өз клиенттерінің қылмыстық істеріне қатысты кез келген ақпаратты жарияламау туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болды. Сонымен бірге, ұйым халықаралық ұйымдар мен шетелдік үкімет өкілдерін Маңғыстау облысындағы жағдаймен таныстыру үшін шетелге барған осы жұмысшы және оппозиция белсенділері «Қазақстан имиджін шетелде бұзғандары» үшін 2012 ж. 6 қаңтарда күшіне енген жаңа ұлттық қауіпсіздік заң құжаттарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп алаңдайды. Әдебиетті таратып, ереуілші мұнайшылардың Қазақстандағы мәселелерін жариялаған басқалары ұлттық қауіпсіздікке қарсы «теріс және сенімсіз ақпарат тарату» арқылы «қоғамдық және жеке санаға ықпал еткені» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Хьюман Райтс Вотч мәліметтері бойынша және Маңғыстау облысындағы жағдайды 2011 ж. мамырда ереуіл басталғаннан бері бақылаған басқа да көздерге қарағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-б. 1-б. сәйкес жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен наурыз соңында сот алдына бармақ кем дегенде үш тұлға мұнайшы және кәсіподақ белсенділері болып табылып, ереуілге қатысқан және өз серіктері атынан шыққандар. Олар Талғат Сақтағанов, Роза Tөлеутаева мен Мақсат Досмағамбетов. Талғат Сақтағанов пен Мақсат Досмағамбетов 2011 ж. желтоқсанға дейін бірнеше ай бұрын халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың, мысалы, ЕҚЫҰ мен ЕО назарын мұнай саласындағы жұмысшылардың нашар жағдайына аудару үшін шетелге барды, ал, Роза Tөлеутаева Маңғыстау облысына баратын БАҚ мен халықаралық ұйымдармен бас байланыстырушысы болып табылған. Адам құқықтарын қорғаушылар мен тұтқындалған үш жұмысшы белсенділердің жақтастары оларды бейбіт жиналу, бірлесу және ой-пікірін білдіру құқықтарын заңды жүзеге асырғандары үшін жазаланды деп санайды. Amnesty International да олар адвокаттары мен отбасыларына қол жеткізе алмайтындарына алаңдайды. 2012 ж. 6 қаңтарда «Халық майданы» оппозициялық саяси қозғалыстың мүшесі Айжангүл Әмірова Ақтау қ. әуежайында қазақстандық Қылмыстық кодексінің 164-б. бойынша «әлеуметтік араздық туғызу» деген айыппен ұсталды. Биліктер оны мұнай өнеркәсібі жұмысшыларының ереуілін қолдап, Владимир Козловпен бірге жұмысшылар арасында «әлеуметтік араздықты тудырған» және желтоқсанда қақтығысқа әкеліп соққан парақтар мен әдебиетті таратқаны үшін айыптады. Әдебиеттің кем дегенде кейбір бөлігі конституциялық құрылымды бұзуға тырысқан деп айыпталып, елден кеткен оппозицияшыл Мұқтар Әбләзовтың ереуілші жұмысшыларға қолдау көрсету мәлімдемесі болатын. Қауіпсіздік күштері оны Жаңаөзенге апарардың алдында әуелі Ақтаудағы Халық майданы офисін тінтті. Олар сонымен бірге отбасының Жаңаөзендегі үйін олар жоқ болған кезде тінтті. Айжангүл Әмірова Жаңаөзенде туған, бірақ Алматыда тұрады. Ол мұнайшылар ереуіліне қатысты жағдайды мониторингіден өткізуге, жұмысшыларды қолдауды ұйымдастыруға, олардың кейбір шараларына және осы жағдайды жариялауға белсенді қатысқан. Бірақ, 2011 ж. 16 желтоқсанда ол Алматыда болатын. Ол 16 қаңтарда тұтқындалып, Жаңаөзен қ. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің (ҰҚК) тұтқында ұстау орнында ұсталады. Халық Майданының тағы бір мүшесі Серік Сапарғали ҰҚК қызметкерлерімен Алматы қ. 23 қаңтарда ұсталып, дәл сол айыпқа тап болады.

23 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының басшысы Владимир Козловты өз үйінде «әлеуметтік араздық туғызу» деген дәл сол айыппен, Айжангүл Әмірова мен Серік Сапарғали сияқты дәл сол қызметі үшін ұстады. Олар сонымен бірге Алға партиясының Алматыдағы офисінде, Владимир Козлов және партияның басқа да мүшелері үйлерінде тінту өткізді. Владимир Козлов та 2012 ж. қаңтарда тәуелсіз қоғамдық бақылау комиссия құрамында Жаңаөзен қаласына тұтқындалғандарды полицияда қинау және басқа да қатыгездікпен қарау туралы шағымдарды тексеруге тырысу үшін барды, содан кейін шетелге Еуропа Парламентін өз тұжырымдарымен таныстыруға кетті. 19 наурызда Алматыдағы сот Владимир Козлов пен Серік Сапарғалидің алдын ала тұтқындалуын тағы бір айға ұзартты. Екеуі де ҰҚК-де тұтқында және өз адвокаттары мен отбасыларына қол жеткізе алмай ұсталуда. Қауымға ашық болған сот отырысы барысында Төраға судья оларға қарсы тағылған айыптардың ішінде әлеуметтік араздық тудыратын материалдарды ұйымдасқан қылмыскерлік топ құрамында тарату айыбы бар екенін ресми түрде растады. 25 қаңтарда Бас прокуратура мәлімдеме жасап, «жаппай тәртіпсіздіктің себептерінің бірі жекелеген тұлғалардың жұмыстан шығарылған қызметкерлерді наразылық шарасын жалғастырып, билікке қарсы қатты шығуға бағытталған белсенді әрекеттері болған» деп хабарлады. Мәлімдеме Владимир Козлов пен Айжангүл Әмірованы «әлеуметтік араздықты туғызуға» жауапты кейбір тұлғалар ретінде атайды. Президент Назарбаевтың аға саяси кеңесшісі де Владимир Козловтың Жаңаөзендегі қақтығыстарға байланысты деген мәлімдеме жариялады. Amnesty International жоғары лауазымды тұлғалардың кінәсіздік презумпциясын жоққа шығарып, келешек процестке зиян келтіретін осындай мәлімдемелер Қазақстандағы қылмыс жасады деп айыпталғандарға Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт бойынша мемлекет міндеттемелеріне сәйкес әділсот құқығын қамтамасыз ете алмайтынның белгісі деп алаңдайды. Бұл сәтсіздік заң басымдылығына, адам құқықтары мен жәбірленушілердің шынайы әділдікке қол жеткізу құқығын қадірсіз қалдыруда.

Жалпы жағдай

Қазақстанның оңтүстік батысындағы Маңғыстау облысында мыңдаған мұнайшылар еңбекақы туралы даудан кейін 2011 ж. мамырда бірқатар ереуіл мен наразылық шараларын өткізді. Компаниялар сотқа берді: ереуілдер заңсыз болып табылып, жүздеген белсенді қызметкерлер жұмыстан шығарылды.

Биліктер наразылық шараларын тоқтату үшін асыра күш қолданып, ереуілге шыққан ондаған жұмысшыларды, сонымен бірге кәсіподақ және оппозициялық саяси партиялар белсенділерін тұтқындады. Олардың көпшілігі қысқа мерзімді әкімшілік тұтқындалуға не айып-пұл төлеуге сотталды. Қауіпсіздік күштері сонымен бірге ереуілші жұмысшылардың туыстары мен жақтастарын қорқытып, ұстап, ұрып-соққан және адам құқықтарын бақылаушыларды қудалаған. Ереуілді көрсеткен тәуелсіз журналистерді 2011 ж. қазан айында бейтаныс біреулер соққыға жығылтқан. Биліктердің осындай бұзушылықтарды тексеруге қабілетсіздігі жұмысшылардың наразылығын күшейтіп, жағдайды нашарлатты. Осыған қарамастан, Жаңаөзен қ. 16 желтоқсандағы оқиғалар ұлттық және халықаралық тексерістерді жоғарғы деңгейге көтерді. Жаңаөзенге 22 желтоқсанда келгеннен кейін Президент мұнай және газ компанияның ұлттық және аймақтық басшылары мен әкімді ереуілші мұнайшылардың талаптарын ақылға сиятындай қарамағандары үшін жұмыстан шығарды.

2011 ж. 24 мамырда «Қаражамбасмұнай» мұнай компаниясы жұмысшыларының мүдделерін қорғайтын кәсіподақ белсендісі және заңгер Наталья Соколова Ақтау қ. рұқсат берілмеген жаппай шара ұйымдастырғаны үшін айыпты болып табылып, әкімшілік тұтқынға ұшырады. Босаған күні оған «әлеуметтік араздық тудыру» айыбы тағылып, екі айға тұтқындалды. Туыстарының онымен кездесу туралы бірнеше өтініштеріне кері жауап қайтарылды. 8 тамызда Ақтау қалалық соты Наталья Соколованы алты жылға бас бостандығынан айырды, ал 26 қыркүйекте Маңғыстау облыстық соты оның апелляциясын қолдамай, ол кәсіподақ кеңесші заңгері болып тек маман ретінде жұмыс істегені туралы негіздерін қабыл алған жоқ. Ол күтпестен 2012 ж. 8 наурызда Жоғарғы сот оның жазасын үш жыл шартты мерзімге дейін қысқартқаннан кейін абақтыдан босатылды.

How you can help

AMNESTY INTERNATIONAL WORLDWIDE